Францияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

16.04.2020 в 20:07

Тікұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталып жатыр, тергеу жұмыстары басталды

Францияның оңтүстік-батысында кеше әскери тікұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Франция Құрлық әскері құрамындағы жауынгерлік 5-полк тікұшағы жоғары Пиринеи департаментінің әкімшілік орталығы Тарб қаласына жақын жерге құлаған. Тікұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталып жатыр, тергеу жұмыстары басталды.