Қазақстанда 6 928 646 адам КВИ екпесін алды

08.09.2021 в 09:01

вакцинаның II компонентін салдырғандар саны - 5 755 817

2021 жылғы 8 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 6 928 646 адам коронавирус вакцинасының I компонентін салдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ал, вакцинаның II компонентін салдырғандар саны - 5 755 817.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша вакцинаның 1-компонентін 895420 адам, 2-компонентін 782451 адам алды.