Алматыда бір тәулікте 4 907 адам КВИ екпесін алды

12.10.2021 в 10:49

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 119 333

2021 жылғы 12 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 11 қазанға күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 338 адам анықталды (жергілікті), оның 223-і – симптомдық белгілері бар және 15-і – симптомсыз ауырғандар.

Барлық емделіп шығарылғандар – 235, келіп түскені – 139.

Инфекциялық стационарларда (3 179 төсек-орын) жалпы саны 1 451 адам (оның ішінде 60 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар –  150.

ӨЖЖ – 24, инвазивті емес ӨЖЖ – 79, High flow-да 29 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 091 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 2 958, симптомсыз 133 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  КВИ вакцинасының 1-компонентін – 1 899 адам, 2-компонетін 3 008 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 11 қазан аралығында қала бойынша  1-компонентін – 970 096 адам, 2-компонентін 888 368 адам алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 119 333.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.