Алматыда бір тәулікте 5685 адам КВИ екпесін алды

24.09.2021 в 11:11

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 117 171

2021 жылғы 24 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 23 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 547 адам анықталды (жергілікті), оның 506-ы – симптомдық белгілері бар және 41-і – симптомсыз ауырғандар.

Барлық емделіп шығарылғандар – 229, келіп түскені – 210.

Инфекциялық стационарларда (5 230 төсек-орын) жалпы саны 2 219 адам (оның ішінде 98 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар –  223.

ӨЖЖ – 49, инвазивті емес ӨЖЖ – 91, High flow-да 65 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 5 047 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 4 898, симптомсыз 149 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  КВИ вакцинасының 1-компонентін – 2 287 адам, 2-компонетін 3 398 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 23 қыркүйек аралығында қала бойынша  1-компонентін – 938 222 адам, 2-компонентін 834 493 адам алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 117 171.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.