Алматыда бір тәулікте 3 456 адам КВИ екпесін алды

16.11.2021 в 11:44

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 595

2021 жылғы 16 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 15 қараша күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын 114 адам жұқтырды (жергілікті), оның 111-і симптомдық белгілері бар және 3 симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 157, келіп түскені – 72.

Инфекциялық стационарларда (1 774 төсек-орын) жалпы саны 748 адам (оның ішінде 18 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  81.

ӨЖЖ – 14, инвазивті емес ӨЖЖ – 40, High flow-да 18 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 265 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 204, симптомсыз 61 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентті  1 856 адам, 2-компонетті 1 600 адам вакцинация алды.

01.02.2021-15.11.2021 жыл аралығында қала бойынша  1-компонентті – 1 011 781 адам, 2-компонентті 951 261 адам вакцина алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны  121 595.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.