Алматыда 887 096 адам КВИ екпесін алды

06.09.2021 в 11:47

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін 2 212 адам, 2-компонетін 2 763 адам алды

2021 жылғы 6 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекцияcының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 5 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясы жұқтырған  1 085 адам анықталды (жергілікті), оның 1050-де симптомдық белгі бар және 35 симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 156, келіп түскені – 273.

Инфекциялық стационарларда (8 910 төсек-орын) жалпы саны 4 435 адам (оның ішінде 122 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  388.

ӨЖЖ – 56, инвазивті емес ӨЖЖ – 150, High flow-да 192 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 8 640 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 8 382, симптомсыз 258 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының  1-компонентін  2 212  адам, 2-компонетін 2 763  адам алды.

01.02.2021-05.09.2021 жыл аралығында қала бойынша КВИ вауцинасының 1-компонентін 887 096 адам, 2-компонентты 761 313 адам алған.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 110 236 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.