Алматының миллионыншы тұрғыны COVID-19 вакцинасын алды

06.11.2021 в 12:40

Алматының миллионыншы тұрғыны коронавирус вакцинасын алды. Бұл туралы қала әкімі Б. Сағынтаев Тwitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Медициналық ақпараттық жүйенің мәліметінше, Самал Оқапова Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын. Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан ол өзін әрі жақындарын қорғау үшін вакцина алды. Бұл әрекеті көпшілікке үлгі болары анық», – деп жазды қала әкімі.

Медициналық ақпараттық жүйенің мәліметінше, Самал Оқапова Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын. Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан ол өзін әрі жақындарын қорғау үшін вакцина алды. Бұл әрекеті көпшілікке үлгі болары анық.

— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) November 6, 2021