Алматыда 895 мың 959 адам КВИ вакцинасының 1-компонентін алды

08.09.2021 в 13:00

2021 жылдың 7 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 911 адам тіркелді

2021 жылғы 8 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv  

2021 жылдың 7 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 911 адам тіркелді (жергілікті), оның 872 симптомдық белгілері бар және 39 симптомсыз.

Барлық емделіп шыққандар – 521, келіп түскені – 379.

Инфекциялық стационарларда (7 705 төсек-орын) жалпы саны 3 754 адам (оның ішінде 116 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  339.

ӨЖЖ – 58, инвазивті емес ӨЖЖ – 137, High flow-да 168 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 7 735 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 7 501, симптомсыз 234 науқас бар.

2021 жылдың 8 қыркүйекке арналған ВАКЦИНАЦИЯ бойынша ақпарат

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентты  4 184  адам, 2-компонетты 6 455  адам вакцинацияланды.

01.02.2021-07.09.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентты 895 959 адам, 2-компонентты 773 814 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 114 440 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.