Н. Рахальская: Вакцина коронавирустың жаңа мутацияланған штаммдарынан қорғайды

18.08.2021 в 14:44

Вакцинаны адамдардың бәрінің алғаны абзал, тіпті иммунитеті төмен жандар да

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның жоғары қарқыны қолданыстағы вакциналарға төзімді штаммдардың ықтималдығын төмендетеді. Бұл туралы Алматы қаласының жоғары санатты дәрігері, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Наталья Рахальская айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Тұрақты эпидемиологиялық жағдайға оралу уақыты сіз бен маған байланысты. COVID-19 бұл қауіпті ауру», – дейді Н. Рахальская.

Дәрігер коронавирустың рецепторлары тек өкпеде ғана емес, сонымен қатар дененің басқа мүшелері мен жүйелерінде бар екенін түсіндірді. Вирус жүрек тінінің жасушаларында, бүйректе және тамырлардың ішкі бетін қаптайтын эндотелийде белсенді түрде көбейе алатыны белгілі, бұл тромбозға әкеледі.

COVID-19 кезінде орталық жүйке жүйесінің әр түрлі зақымдануы әр түрлі. Сондықтан вакциналану маңызды. Барлық елдер халқының 70%-ының вакциналануы пандемияны тоқтатуға мүмкіндік береді. Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал әлі де ушығып тұр.

«Соңғы ғылыми дәлелдер КВИ вакциналарының кез келгені жаңа штаммдар мен мутацияларға қарсы өте тиімді екенін көрсетеді. Біз жаңа шындықты қабылдауға тиіспіз. Дәл қазір бұл вирус өмір сүріп, ең бастысы адамдар арасында таралып жатыр. Сондықтан вирустан қорғану қажет. Ол үшін вакцина салдырған жөн», – деді  дәрігер Н. Рахальская.

Вакцинаны адамдардың бәрінің алғаны абзал, тіпті иммунитеті төмен жандар да. Сонда ғана ұжымдық иммундауды қалыптастыруға болады.

«Біз өз тәжірибемізде ревматоидты науқастаға, ВИЧ диагнозы қойылған адамдарға, тіпті 80 жастан асқан қарттарға екпе салдық. Олар екпені дұрыс қабылдады. Вакциналану қауіпті дерттің алдын алады және деніміздің сау болуына көмектеседі», – деді Н. Рахальская.

«Тағы қайталап айтсам, иммунитетті көтерудің тиімді жолы – вакцина салдыру. Оның үстіне, бұл елімізде қолжетімді, көрші елдерде ол барынша тапшы», – деп түйіндеді сөзін алматылық дәрігер.