А. Цой маска тағу режимі қашан аяқталатынын айтты

27.05.2021 в 18:42

Егер қазақстандықтар қазір бетперде тағуды тоқтатса, вирус тарала береді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда маска тағу режимі қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бұл ең маңызды мәселелердің бірі шығар. Мұны күздің басына қарай тоқтауды жоспарлап отырмыз. Қыркүйекке қарай халықтың басым бөлігін вакциналап бітуіміз керек. Кейбір елдерде халықтың 60 пайызына дейін вакцина салдырғанын және маска тағу режимін алып тастауға рұқсат етілгенін көріп отырмыз, өйткені ұжымдық иммунитет бар. Осылайша адамдар бір-бірін қорғайды», – деді Цой Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, егер қазақстандықтар қазір бетперде тағуды тоқтатса, вирус тарала береді. Өйткені вакцина алмаған адамдар өте көп.

«Вирус адамнан адамға беріледі. Вакцина алған адамда вирустың таралуы тоқтайды. Егер адамдардың көпшілігі вакцина алса, вирус одан әрі басқа біреуге берілмейді», –  деді Цой.