|
24.01.2021 | 10:53
1098

Түркияда бір миллионнан астам адам вакцина салдырды

Жалпы Түркияда вакциналау науқаны 14 қаңтарда басталды

Фото: ашық дереккөзден алынды

Түркияға бүгін «Корона-Вак» екпесінің 10 миллионнан астам дозасы жеткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Қытайлық вакцинаның 3 миллион дозасы бар бірінші партия өткен жылдың аяғында келген болатын. Жалпы Түркияда вакциналау науқаны 14 қаңтарда басталды. Содан бері 1 миллионнан астам адам екпе салдырған. Препаратты бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен қарттар қабылдауда. 

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда індет басталғалы бері 24 мыңға жуық тұрғын қайтыс болып, 2 жарым миллион адам коронавирус жұқтырған.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир