|
31.03.2020 | 12:41
1115

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 3 мыңнан асты

АҚШ қауіпті дертке шалдыққан науқастар бойынша әлемде көш бастап тұр

Ашық дереккөз

АҚШ-та COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар күн сайын көбеюде. Онда құрбандардың саны үш мыңнан асты, деп жазады Kaz.nur.kz.

Қазіргі уақытта коронавирус індетін жұқтырған америкалықтардың саны 163 мың адамнан асты. Осылайша, АҚШ қауіпті дертке шалдыққан науқастар бойынша әлемде көш бастап тұр. Эпидемия ошағы болып саналатын Қытайдағы көрсеткіш бұдан екі есе аз. Елдегі коронавирус жағдайын Джон Хопкинс университеті қадағалап отыр.

Ал індеттен құрбан болғандардың көшін Италия, Испания, Қытай Халық Республикасы бастап тұр. Бұл тізімде АҚШ төртінші орынға жайғасқан. ТАСС жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, соңғы 24 сағат ішінде Америка Құрама Штаттарында қайтыс болғандардың саны 500-ден асты.

Бұндай көп өлім COVID-19 елде тарала бастағаннан бері алғаш рет орын алды. Өткен тәулікте тағы бір елде коронавирус инфекциясының 100 мың жағдайы тіркелді. Италия вирусты жұқтыру бойынша 100 мыңнан асқан екінші ел болды. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир