|
17.03.2020 | 13:30
1667

Мамандар халықты жеке бастың гигенасына ерекше көңіл бөлуге шақырады

Автобустан шыққан бойда қолды жуып, антисептик себу керек

zdorovieinfo.ru

Мамандар халықты жеке бастың гигенасына ерекше көңіл бөлуге шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Бүгін олар қарапайым ережелерді дүйім елдің есіне қайта салды. Әсіресе, халық көп жүретін қоғамдық көліктерде тазалыққа мән беру керек. Сондықтан жолаушыларға өздерімен бірге антисептик немесе құрамында спирті бар ылғал майлықтарды қолдануға кеңес береді. Автобустан шыққан бойда қолды жуып, антисептик себу керек дейді мамандар.

«Жеке бастың тазалығын сақтау өміріңізге төнетін қауіптен қорғайды. Масканы тағудың да өз тәртібі бар. Егер өзіңіз ауырсаңыз, айналадағы адамдарға жұқпасын деген ниетпен тағып, сондай-ақ ұжымда сырқаттанып отырғандардан қорғану мақсатында қолдану керек. Медициналық масканы кем дегенде 3 сағат сайын ауыстырған абзал. Үш қабатты маска уақытша болғандықтан, екінші рет қолдануға болмайды», – деді  қалалық Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапаны бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел ҚАЛЫҚОВА.

Сондай-ақ, мамандар қолма-қол төлемнен гөрі, банк және онлайн режимге кешуге кеңес береді. Тазалық шараларынан бөлек, дәрігерлер иммунитет көтеру үшін көбірек жеміс-жидек, көкөніс жеген дұрыс дейді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир