|
26.03.2020 | 21:30
1299

COVID-19: Алматыда бір баланың жағдайы ауыр

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ішінде екі бала бар

inbusiness.kz

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ішінде екі бала бар. Бұл туралы брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Оның сөзінше, бір баланың жағдайы орташа болса, екінші баланың хәлі ауыр деп бағаланған. Жалпы бүгінгі күні провизорлық госпитальдарда карантинде 938 адам бар, оның 56-сы жасөспірім. Карантиндегі барлық азаматтардың дене қызуы қалыпты. Сондай-ақ бүгін қалалық жұқпалы ауруханасынан COVID-19-ды жұқтырған әйел жазылып үйіне шығарылды.

«Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі уақытта 40 науқас бар, оның ішінде екеуі – бала. 38 науқастың жай-күйі  қанағаттанарлық, 1 баланың жай-күйі орташа дәрежеде, біреуінің жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты жасанды желдету аппаратында жатыр», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир