|
28.03.2021 | 13:14
981

Қазақстанның 4 облысында қардың тез еруіне байланысты ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады

elorda.info

Еліміздің 4 облысында қардың тез еруіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының жазық аймақтарында қардың жылдам еруі қиындықтар туғызуы мүмкін. 

«2021 жылғы 28-29 наурыз аралығында температура жылы болады және жауын-шашын түседі деп болжануына байланысты Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының жазық өңірлерінде қардың тез еруі мүмкін және еріген қар суының жайылуы ықтимал», - деп жазылған мекеме сайтында.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир