|
06.12.2021 | 16:10
1003

Түркістан облысында мас күйде трактор жүргізген жүргізуші ұсталды

Облыс тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады

Видеодан кадр

Түркістан облысының Мырзакент – Жетісай» тасжолында ішімдікке сылқия тойған трактор жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мұндай заңбұзушылықты Мақтарал аудандық полиция қызметі кезекті патрульдеу кезінде анықтаған. Көлік иесі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе масаң күйде басқаруы» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал облыс тәртіп сақшылары темір тұлпар тізгіндеушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.  

«Медициналық сараптама тағайындалып, қорытындысына сәйкес масаң күйде басқарғаны анықталды және ҚР Әкімшілік құқық қорғау кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деді Мақтарал АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімше бастығының орынбасары Бауыржан Дүйсенов.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир