|
18.09.2020 | 15:46
982

Коронавирус: Испанияда студенттер ЖОО-дағы қауіпсіздік шараларын қайта қарауды талап етті

Еуропа елдерінде өткен аптаның өзінде 300 мың адам COVID-19 дертін жұқтырған

almaty.tv

Еуропа елдерінде өткен аптаның өзінде 300 мың адам COVID-19 дертін жұқтырған. Бұл пандемия басталғалы бері алғашқы айларда тіркелген көрсеткіштен әлдеқайда көп, деп хабарлайды Almaty.tv.

Испанияда студенттер ереуілге шықты. Олар биліктің мектептер мен жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздік шараларын қайта қарауын талап етуде. Атап айтқанда, наразылық білдірушілер тазалық стандарттарын арттырып, ұстаздарды жеке қорғаныс құралдарымен қамтуды сұрап отыр. Соңғы тәулікте мұнда коронавирустан 239 адам мерт болды. Індет жұқтырғандар саны Мадридте де күрт өскен. Францияда да эпидемиологиялық жағдай күрделенді. Лиондағы ауруханалардың біріне түсіп жатқан науқастар саны шілде айынан бері толастар емес. Елде бір тәулікте 10 мың адам инфекция жұқтырған. Ал Англияның солтүстік-шығысында карантин қатаңдатылды. Қосымша шаралар енді қоғамдық тамақтану орындарына да қатысты болмақ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир