|
10.02.2022 | 15:15
973

Қазақстан мен Ресей вакцинация сертификаттарын тану тәртібі туралы келісті

Бұл туралы Ресей СІМ ТМД елдері бойынша департаментінің директоры Александр Стерник мәлімдеді

Tengrinews.kz

Ресей мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрліктері COVID-19-ға қарсы вакцинация сертификаттарын тану тәртібі туралы келісті. Бұл туралы Ресей СІМ ТМД елдері бойынша департаментінің директоры Александр Стерник мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қолданыстағы саяси шешімнің негізінде Ресей мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрліктері вакцинация сертификаттарын тану тәртібін келісті. Жеке деректерді, медициналық құпияны және т.б. ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық агенттіктер жұмысқа қосылды", – деді ол.

Дипломат 2021 жылдың соңында Қарағандыда ресейлік "Спутник V" вакцинасының өндірісі басталғанын және вакцинаны зерттеудің оң нәтижелері алынғанын атап өтті.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир