|
28.12.2016 | 10:32
1285

Апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағының «қара жәшігі» табылды

Қара теңізге құлаған «ТУ-154» ұшағының қара жәшігі таңға таяу табылды. Ресейлік әуе көлігіне тиесілі құрылғы жақын күндері зерттеу орталығына жеткізіледі. Мамандар «қара жәшікті» сараптамадан өткізіп, ұшақтың нақты не себепті апатқа ұшырағанын анықтамақ. Қазір Қара теңізде мүрделерді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Құтқарушылар тағы бір адамның мәйітін тапқан. Сөйтіп, теңіз түбінен шығарылған мүрделердің саны 12-ге жетті. Ресейдің қорғаныс министрлігі таратқан ақпарат бойынша, бордта жалпы саны 92 адам болыпты. Оның 8-і - экипаж мүшесі, қалғандары жолаушылар. Әуе көлігінде болғандардың барлығы апат кезінде қаза тапқан. Араларында ансамбль мүшелері мен журналистер бар. Апатқа ұшыраған ұшақ Мәскеуден Сирияға бет алған екен.  


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир