|
15.12.2016 | 10:10
2258

Наурызбай ауданының әкімі азаматтарға төс белгісін берді

Еңбек түбі - береке. Наурызбай ауданының алғаш құрылуынан бастап, қарыштап дамуы үшін тер төккен азаматтардың да еңбегі еленді. Ауданда қызмет істейтін 28 адамға Мемлекет басшысының жарлығымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай төсбелгі бұйырыпты. Аудан әкімі Сайран Сайфеденов пен ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев тұрғындарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, төсбелгілерді иелеріне салтанатты түрде табыс етті.  Олардың қатарында білім, медицина және әртүрлі сала қызметкерлері бар. Марапат алғандардың бірі - талай жанның дертіне дауа болып, жылы сөзімен емдеген Айгүл Тұрысбекова. Ақ халатты абзал жанның мұндай маңызды марапатты алғаш алуы.


«1991 жылы мен Алматы Мемлекеттік медицина институтының 2 курс студенті едім. Содан бері қарап тұрсақ 25 жыл зымырап өте шығыпты. Осы ширек ғасырдың ішінде еліміз адам танымастай өзгерді. Осы бір Алматының өзінде қаншама медициналық мекемелер, емханалар, ауруханалар түрлі қазіргі заманауи орталықтар ашылып жатыр. Тәуелсіздігіміздің мерейтойында осындай марапат алып жатқаныма өте бақыттымын деп санаймын өзімді»,- деді Алматы қаласы №26 емхананың бас дәрігері, Айгүл ТҰРЫСБЕКОВА.


Дәл осындай шара қаланың Алмалы ауданында да жалғасын тауып, аталмыш ауданнан 30 адам кеудесіне төсбелгі тақты. 20 ғасырдың қиын қыстау кезінде Тәуелсіздіктің туын тіккен боздақтардың есімі ұлықталды. Аудан басшысы шараға жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, қастерлі де қасиетті мерекенің маңызын атап өтті.


«Тәуелсіздік ең алдымен санамызға серпін берді. Жоғымызды түгендеп, барымызды асырды. Төрткүл дүниенің төрт бұрышына танытып, әлемнің алып елдерімен тереземізді теңестірді. Еліміз 25 жылда экономикасы қарқынды дамыған табысқа жетудің бірегей өзіндік тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты»,- деді Алматы қаласы,  Алмалы ауданының әкімі, Жасұлан ЕСТЕНОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир