|
25.04.2023 | 09:28
1880

Алматыда ата-аналар күніне орай қосымша автобустар іске қосылады

Сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін алматылықтар үшін қызмет көрсетеді

Алматыда ата-аналар күніне орай қосымша автобустар іске қосылады Фото ашық дереккөзден

Алматыда ата-аналар күніне орай қосымша автобустар іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы Қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

«Христиандық еске алу күніне» орай уақытша 2023 жылдың 25 сәуірінде қосымша автобустар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін алматылықтар үшін қызмет көрсетеді.

№88 маршрут «Қонаев көшесі-Батыс зират» қосымша автобустармен күшейтіледі, жөнелту пункті - Қонаев және Мақатаев көшелерінің қиылысы.

Сонымен қатар «Алматы т/ж вокзалы - 1-Батыс зират» және «Алматы - 1 теміржол көпірі – төменгі Пятилетка зираты» қосымша бағыттары қатынайтын болады.

Сондай-ақ, зират маңынан өтетін  №7, 13, 30, 31, 40, 50, 56, 57, 63, 69, 72, 74, 77, 80, 100 маршруттар толық құрамда жолға шығарылатын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир