|
28.03.2024 | 10:22
927

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы: былтыр Жетісу ауданында 40 жоба жүзеге асты

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеді

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы: былтыр Жетісу ауданында 40 жоба жүзеге асты Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматының Жетісу ауданында 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 40 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының Жетісу ауданында жаяу жүргіншілер-серуендеу және саябақ аймақтарын жайласытыру, балалар алаңдарын жөндеу, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, дыбыс өткізбейтін экрандар орнату бойынша жаңа жобалар жүзеге асырылады. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 2024 жылы осы мақсатқа 2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Қала басшысы 2023 жылы осы бағдарлама бойынша 40 жоба іске асырылғанын жеткізді, атап айтқанда, Серіков, Крыжицкий, Станиславский, Сералин көшелеріндегі аулалар мен балалар алаңдарын абаттандыру, Солтүстік айналма жолы, Жайсан, Бөкейханов көшелеріндегі скверлер мен жаяу жүргіншілер аймақтарын салу, Құлагер, Көкжиек, Көкмайса, Айнабұлақ шағынаудандарында, Жұмысшы кентінде тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнату, Құлагер шағын ауданында скейт және паркур алаңын салу, Кеңсуат, Қартқожа, Әлқиса көшелеріндегі, Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірлерін абаттандыру.

Естеріңізге сала кетейік, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуын көздейді. Тұрғындардың өздері абаттандыру идеясын ұсынады, оларды жоба деңгейіне дейін пысықтайды және онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды іріктейді. «Халық қатысатын бюджеттің» кез келген мәселесі бойынша қала тұрғындары аудан әкімдігінде, 1308 телефоны немесе budget.open-almaty.kz сайты арқылы Open Almaty әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде кеңес ала алады.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында әлеуметтік инфрақұрылым қалай дамып жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир