Әнші Мақсат Базарбаев Almaty Clean & Green акциясына қатысты

Алматы қаласы әкімдігінен
Алматы қаласы әкімдігінен
Сенбілікке қоғам белсенділері мен танымал өнер адамдары қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өтіп жатқан жалпықалалық сенбілікте қала тұрғындарымен бірге, қоғам белсенділері мен танымал өнер адамдары да қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Эстрада әншісі Мақсат Базарбаев Баум тоғайына келіп, Дүниежүзілік Жер күніне орайластырылған акцияға өз үлесін қосты.

«Қаламызды көгалдандыруға, тазалауға үнемі осылай үлес қосуымыз керек. Өзіміз тұрып жатқан әсем мегаполиске қолымыздан келгенше тал егіп, қызмет атқарып жатырмыз. Бәрі бірден болмайды, осылай ақырын-ақырын гүлдене береді деп ойлаймын. Жастардың қарасы көп, олардың келгені жақсы. Бір айтарым, қаламызды таза ұстайық!» – деді әнші.

Еске салайық, бүгін Алматыда әкімдіктің қолдауымен қаланың қоғамдық ұйымдары ұйымдастырған Almaty Clean&Green экологиялық акциясы өтіп жатыр

Новости партнеров