|
26.04.2023 | 13:32
718

Алматыда халықаралық аңшылық, балық аулау және белсенді демалыс көрмесі өтеді

Бұл көрме Алматыда төртінші рет өтеді

Алматыда халықаралық аңшылық, балық аулау және белсенді демалыс көрмесі өтеді Алматы қаласы әкімдігі

KIOF халықаралық аңшылық, балық аулау және белсенді демалыс көрмесі (Kazakhstan International OUTDOOR FAIR) 2023 жылғы 27-30 сәуірде «Атакент» көрме орталығында, №9 павильонда өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің, ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, «Караванеров» қауымдастығының, Central Asia Trade Exhibition ЖШС ақпараттық қолдауымен «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестігі мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қауымдастығы ұйымдастырады.

Алматыда KIOF халықаралық аңшылық, балық аулау және белсенді демалыс көрмесі төртінші рет өтеді. Көрме әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында кең танылған.

Биыл 50-ден астам компания аңшылық, балық аулау және белсенді демалыстың жаңа маусымына тауарларын ұсынады. Экспозицияға аңшылық, балық аулау жабдықтары мен керек-жарақтары, арнайы жабдықтар, техникалық және көлік құралдары, балық аулау және аңшылық туризмі, белсенді демалыс, тақырыптық әдебиеттер, кәдесый мен табиғат тартуы сынды үздік тауарлар мен қызметтер көрсетіледі. Павильонда қайық, кеме, моторлар, жол талғамайтын көліктер және балық пен аң аулауға арналған басқа да техникалар қойылады.

Көрме пікірталасқа, қарым-қатынасқа және жаңа серіктестер табуға жол ашады. Іс-шара кезінде балық аулау ілгегін байлау, қалтқы жасау, жолдорбаны сапарға дайындау, жабайы үйректерді ажырату жарысы және ойын-сауық және оқыту іс-шарасы өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир