|
20.04.2024 | 16:27
2835

Алматы - біздің ортақ үйіміз: Бутаковка тауларында 500 өрік көшеті отырғызылды

Әрбір тұрғын мегаполисті дамытуға және көгалдандыруға өз үлесін қоса алады

Алматы - біздің ортақ үйіміз: Бутаковка тауларында 500 өрік көшеті отырғызылды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы - біздің ортақ үйіміз" кампаниясы аясында Бутаковкаға қаланың экология және қоршаған орта басқармасының "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі қызметкерлерінің қолдауымен 500 жеміс ағашы - өрік отырғызылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мекеме директорының орынбасары Ұзақ Мықитановтың айтуынша, бұл аталған учаскеде жасыл желектер алғашқы рет отырғызылып отырған жоқ. Өткен жылы Сиверс алма ағаштарының мың көшеті отырғызылды.

- Биылғы жылы таңдау өрік көшеттеріне түсті, өйткені олар таулы аймақтағы климаттық жағдайларға жақсы бейімделген. Өрік көшеттерін отырғызу алдында тамырлар кеуіп қалмас үшін арнайы болтушкаларда (жер мен су) ұстадық, - деп бөлісті ол.

"Медеу" табиғи паркі қызметкерлерінен басқа, ағаш отырғызуға облыстық және қалалық Экология басқармаларының, Медеу ауданы әкімдігі мен прокуратурасының қызметкерлері, сондай-ақ экоактивистер мен еріктілер қатысты.

- Кеше біз ардагерлері және зейнеткерлерімен бірге сенбілік өткіздік. Біз осы акцияларды жалғастырып, барлығын қаланы абаттандыру мен көгалдандыруды қадағалауға шақырамыз, - деді студенттік экопатрульдің басшысы Әділ Нұрпейісов.

Еске салсақ, "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны 8 сәуірде басталды. Әрбір тұрғын мегаполисті дамытуға және көгалдандыруға өз үлесін қоса алады.

Барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлерге, постерлер мен афишаларға арнайы QR-код арқылы кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушылары үшін әлеуметтік желілердегі хэштегтер:

#АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда жартылай марафон өтеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир