|
19.06.2019 | 11:26
3876

«Медициналық пойыз»: Павлодар облысында дәрігерлер 10 күнде 4000-нан астам адамды қабылдады

«Медициналық пойыз» дәрігерлеріне көбінесе жүрек ауруларымен жүгінген

«Медициналық пойыз»: Павлодар облысында дәрігерлер 10 күнде 4000-нан астам адамды қабылдады otrar.kz

«Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық өңірі, соның ішінде Павлодар облысының шалғай бекеттерін аралап шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Денсаулық» медициналық пойызының баспасөз қызметі хабарлағандай, пойыз Павлодар облысының 10-нан астам станциясын аралап шықты. 10 күнде пойыз қызметіне 4174 адам жүгінген: тексерістен өткен 1542 тұрғынның 269-ы бала. Осы медбақылау барысында 65 шағын хирургиялық ота жасалып, 39 ФГДС процедурасы, 353 – УДЗ және 291 флюрография жасалды. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, пойыз қызметіне ең көп Маралды станциясының тұрғындары жүгінген, онда 200-ден астам науқас тегін медициналық кеңес алып, дәрігерлерге қаралған»,  - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің хабарлауынша, тұрғындар көп қаралған мамандар:  ең алдымен кардиолог  - 421 адам, сосын стоматолог - 370 тұрғынды тексеріп үлгерген. Павлодар облысы бойынша медициналық бригада жетекшісі Бақыт Тулеева осы аймақтағы тұрғындардың ең көп қандай маманға мұқтаж екенін айтып өтті.

«Көбінесе тұрғындар кардиолог, терапевт және УДЗ мамандарына жүгінді», - деді Бақыт Тулеева.

Жиі анықталған аурулар қатарында жүрек аурулары, туберкулез және қант диабеті бар. Айта кететін жайт, қант диабеті көбінесе осы медициналық пойызда анықталып жатыр, тұрғындардың көбі өздерінде бұл науқастың бар екенін тіпті білмеген жағдайлар көп. Сондай-ақ, тері аурулары және онкологиялық аурулары бар, диспансерлерде есепте тұрған тұрғындар да медициналық қызметкерлерден тексерістен өтті.

Естеріңізге сала кетсек, жоба жұмысы 29 сәуір басталған болатын. Оның мақсаты – еліміздің әр облысының шалғай бекеттерінде тұратын тұрғындарды тегін медициналық қызметпен қамту болып табылады.

Жоба «Самұрық-Қазыны» АҚ компаниялар тобы атынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның. Әлеуметтік жобалар қоры және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылып жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир