|
01.07.2024 | 16:07
1015

Алматының Жетісу ауданында заманауи емхана ашылады

Мәселені шешу үшін медициналық мекемеге жарамды ғимарат іздеу басталды

Алматының Жетісу ауданында заманауи емхана ашылады қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Жетісу ауданында 2024 жылдың соңына дейін үш емхана ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде «Саяхат» автовокзалы мен «Құлагер» шағынауданындағы емханалар жаңғыртылып, пайдалануға берілгелі жатыр. Жұмысшылар кентінде №33 емхана сақадай-сай дайын, ол Астана күніне орай ашылады.

Жетісу ауданы әкімдігінің хабарлауынша, бірнеше жыл бұрын ауданда үш емхана ғана болған. Медициналық қызметке қолжетімділік қиындағасын жергілікті тұрғындар көршілес Түрксіб, Алмалы және Медеу аудандарына қаралуға мәжбүр еді. Жетісу ауданында емхана салуға жер телімінің жоқтығы жағдайды қиындатты. Мәселені шешу үшін медициналық мекемеге жарамды ғимарат іздеу басталды. Аудан әкімі Гүлнәр Көкебаева мәселенің заңды жағын қолға алып, бірте-бірте емханаға жарамды үш ғимарат сатып алынды.

Сонымен қатар, Кемел шағынауданында ауысымда 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынды, ол қазір аталған шағын аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Сондай-ақ №11 емханада күрделі жөндеу жүргізілді және КТ мен МРТ қызметі бар өзінің диагностикалық орталығын ашты.

Осылайша, Жетісу ауданының халқы медициналық қызметтің қолжетімділігімен толық қамтамасыз етіледі.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада пациенттер мен дәрігерлер үшін заманауи, жайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

Айта кетейік, Жетісу ауданының әкімі лауазымына Гүлнар Көкебаева 2020 жылдың қазанында тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз: Алматыда қараусыз қалған ғимараттың орнында жаңа балабақша ашылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир