|
26.01.2024 | 11:19
707

2024 жылы халықты тегін емдейтін клиникалардың 64% жекеменшік болады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2024 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу рәсімін аяқтады

2024 жылы халықты тегін емдейтін клиникалардың 64% жекеменшік болады elements.envato.com

2024 жылға арналған сатып алу жоспарында 2,8 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған, оның 1,2 трлн теңгесі — МӘМС қаражаты. 2024 жылы денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу ережесіне бірқатар өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Біріншіден, өңірлік комиссиялардың құрамы күшейтілді (комиссия төрағасының орынбасары болып басшының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі денсаулық сақтау басқармасының өкілі айқындалды, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің өкілдері енгізілді).

Екіншіден, саны 1500 адамнан кем алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін (ары қарай МСАК) субъектілерінің қызметтерін сатып алуға қатысу үшін және ТМККК шеңберінде МСАК қызметтерін көрсету тәжірибесі бір жылдан артық 3000 адамнан кем халқы бар МСАК субъектілеріне шектеу енгізілді (бұл жалпы практика дәрігерінің/отбасылық дәрігердің кемінде екі учаскесі);

Үшіншіден, стационарды алмастыратын көмек көрсету стандарттарына сәйкестігі үшін күндізгі стационарлар амбулаториялық және (немесе) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде ғылыми ұйымдардың жанынан ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, ережеге комиссия мүшелерінің бұрын мәлімделген көмек түрлеріне шарт жасаспаған денсаулық сақтау субъектілеріне баруы қосылды.

2023 жылдың желтоқсанында медициналық ұйымдардан өтінім қабылданды.

Қаражатты бөлу рәсімінің қорытындысы бойынша 2024 жылға медициналық ұйымдар арасында шамамен 2,4 трлн теңге орналастырылды.

Жаңа медициналық ұйымдардан 209 өтінім түсті, оның ішінде өңірлік комиссиялар сатып алу рәсімін өткізу барысында 117 денсаулық сақтау субъектісіне барды.

Аталған өзгерістер азаматтар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және оны ұсыну сапасын жақсарту үшін қабылданып отыр.

МӘМС жүйесін енгізу азаматтарға медициналық көмек көрсетуге жекеменшік медициналық ұйымдарды да тартуға мүмкіндік берді.

Биыл қор 1921 медициналық ұйыммен келісімшарт жасасты, оның 64% — жекеменшік болса, 36% — мемлекеттік.

Осылайша, МӘМС клиникалардың пациент үшін бәсекелестігін ынталандырады.

Пациентте қандай да бір медициналық қызметті қайдан алатынына таңдау мүмкіндігі туғандықтан, медициналық ұйымдар жақсырақ жағдай жасап, пациенттерді тарту үшін қызметті жетілдіруі керек.

Оқи отырыңыз: Соңғы үш жылда медицина саласына бөлінген қаржы өсті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир