|
22.06.2024 | 11:42
1885

Ауруханада өткен 60 күн: алматылық дәрігерлер күйік шалған ер адамды аман алып қалды

Хирургтар науқасқа тері трансплантациясы бойынша екі ота жасады

Ауруханада өткен 60 күн: алматылық дәрігерлер күйік шалған ер адамды аман алып қалды Аlmaty.tv

№4 қалалық клиникалық аурухананың комбустиологтары денесінің 70 пайызын күйік шалған науқастың емі аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

34 жастағы ер адам ауруханадан үйге шығарылды.

Жазатайым оқиға сәуірдің 20-да таңертең орын алған. Шухраттың жұмыс орнында дизель отынының багы жарылып, нәтижесінде ол жалыннан күйік алған. Оқиғадан кейін ер адам бірден жақын маңдағы Ұйғыр ауданындағы ауруханаға жатқызылды. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін науқас жедел жәрдем бригадасының сүйемелдеуімен Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

- Жансақтау бөлімінде терапевт, нейрохирург, хирург, реаниматолог, травматолог мамандарымен көпбейінді тексеру жүргіздік. Термиялық зақымдану аймағының тереңдігі мен кеңдігі, ауырсыну синдромының 8 балл болуы, күйік ауруы салдарынан науқастың жалпы жағдайы ауыр деп бағаланды. Оған денедегі 70-79% термиялық күйік, күйік токсемиясы сатысындағы күйік ауруы, жоғарғы тыныс жолдарының күйігі диагнозы қойылды. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды, ол келесі 9 күнді сонда өткізді,- дейді Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасының күйік аурулары бөлімшесінің меңгерушісі Елдос Әлменов.

Екі ай бойы №4 қалалық клиникалық ауруханасының ұжымы ер адамның өмірі үшін күресті. Емдеу күн сайын дерлік аурухананың реаниматолог, терапевт, кардиолог, клиникалық фармаколог және эндокринолог бар дәрігерлер тобының қатысуымен түзетілді. Хирург дәрігерлер науқасқа тері трансплантациясы бойынша екі ота жасады.

- Аутодермотрансплантат толық орнықты. Донорлық аймақта қабыну белгілері жоқ. Науқас қазірдің өзінде өзі жүреді және одан әрі амбулаторлық ем алу үшін қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылып жатыр, - деп түйіндеді бөлім меңгерушісі Елдос Әлменов.

Оталық топ: Әлменов Елдос Әділханұлы – хирург, Каримов Айбек Қасымжомартұлы және Асипов Сәрсембі Сейтжанұлы – ассистенттер, Раимбеков Канатбек Кабденович – анестезиолог, Абижанова Айгерім Бақытқызы – оталық медбике.

Оқи отырыңыз:Пьезо-ICSI: жасанды жолмен ұрықтандыру әдісінің ерекшелігі неде

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир