МСҚ Алматы филиалының директоры ауысты

Тілеухан Әбілдаев Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жетекшісі қызметіне тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры болып Нұрлыбек Қабдықапаров тағайындалды.  

Нұрлыбек Қабдықапаров Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің түлегі, балалар дәрігері. Денсаулық сақтау саласында мол тәжірибесі бар маман әр жылдары еліміздегі жетекші медицина мекемелерінің бас дәрігері қызметін атқарды. Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттерін басқарды. 2017 жылдың шілдесінен бастап Қордың Нұр-Сұлтан қалалық филиалына жетекшілік етті.  

Естеріңізге сала кетсек, филиалдың бұрынғы директоры Тілеухан Әбілдаев 18-желтоқсаннан бастап Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жетекшісі қызметіне тағайындалған болатын.


Новости партнеров