|
05.03.2024 | 14:24
393

Шылым шегетін азаматтар қандай ауруларға шалдығуы мүмкін

Жасөспірімдердің 9,8 пайызы вейп тартатыны белгілі болды

Шылым шегетін азаматтар қандай ауруларға шалдығуы мүмкін Almaty.tv

Елімізде кәмелетке толмағандар арасындағы шылым шегу статистикасы көңіл көншітпей тұр. Қазір ересектердің ермегіне айналған электронды темекіге оқушылар да әуес. Кәдімгі шылымға қарағанда зиянды заттың осы түрінің никотині аз ба? Дәрігерлер пікірі қандай? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасы тікелей эфир қонағы Алматыдағы № 36 емхананың бөлім меңгерушісі Қарлығаш Қалиева жауап береді. 

– Темекінің қай түрі денсаулыққа қауіптірек?

– Шылым шегу – зиянды әдет. Сатылымда кәдімгі темекі және вейптер бар. Бірақ екеуін салыстыратын болсақ, вейптің зияны әлдеқайда, он есеге көп және оның таралуы жылдам. Неге десеңіздер, біріншіден, оларды жасөспірімдер шегеді, бөлмеде шегуге болатындықтан тиімді. Денсаулық басқармасының мәліметі бойынша, 2022 жылы Қазақстанда 9-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 9,8 пайызы вейп тартатыны белгілі болды.

– Ал жабық ғимараттарда, бөлмелерде пассивті түрде никотин түтінін жұту ағза үшін қаншалықты зиян?

– Пассивті түрде темекі тартудың зияны, әрине, өте көп. Темекі шеккеннен кейін ауаның құрамында темекінің неше түрлі зиянды қалдықтары қалықтап жүреді және ол киіп жүрген киімімізде, бөлменің ішінде тұрған қандайда бір заттың ішінде қалып қояды, тұрады. Ол созылмалы темекі тартумен пара-пар болып келеді және де осы темекінің ауада тұрған уақытында ол жерде 4 мыңнан астам зиянды заттар болады.

– Шылым шегетін азаматтар қандай ауруларға шалдығуы мүмкін? Ал зиянды әдеттен бас тартқан адамда қандай өзгеріс болады?

– Айта кетейік, шылым шегетін адам онкологиялық ауруларға шалдығады. Екіншіден, жүрек қан-тамыр аурулары, мысалы темекіні ұзақ уақыт тартқан адамның атеросклерозды дақтар пайда болады. Алғашқы темекіні тартуды тастаған кезде науқаста мазасыздық, ашушаңдық сияқты неврологиялық аурулар болуы мүмкін.  Бірақ егер 3 ай темекі тартпаса, онда нерв талшықтары қалпына келіп, науқастың жағдайы жақсарады.

Оқи отырыңыз: Қарағандылық азамат заңсыз темекі өнімін сатқан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир