|
30.05.2024 | 17:41
2457

Көкжөтелді қалай емдеуге болады

Шаһарда соңғы 4 айда 14 жасқа толмаған 54 баладан ауру анықталған

Көкжөтелді қалай емдеуге болады Фото: elements.envato.com

Алматыда балалар арасында көкжөтел көбейіп барады. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің айтуынша, шаһарда соңғы 4 айдың ішінде 14 жасқа толмаған 54 баладан ауру анықталған. Бұл – былтырмен салыстырғанда 3 есе жоғары көрсеткіш. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәліметке сенсек, әлемде жыл сайын 60 миллионға жуық адам көкжөтел жұқтырады. Дерттің мегаполисте таралуына не себеп, ол қаншалықты қауіпті? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» теларнасы тікелей эфирінің қонағы, қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист дәрігері Күләйхан Жұмағұлова эфирде жауап береді.

– Күләйхан Жұмағұлқызы, көкжөтел қандай ауру және оның белгілері қандай?

– Коклюш немесе көкжөтел – инфекциялық жұқпалы ауру. Бұл жердегі қоздырғышы - бактерия. Бұл қоздырғыштың ерекшелігі - токсин бөледі. Бұның басым белгісі – ұстамалы жөтел. Ауру адаммен қатынаста болған жағдайда немесе клиникалық көрініссіз туған-туыстарынан жұқтыруы мүмкін. Себебі ересектер тасымалдаушы ретінде балаларға жұқтыруы мүмкін. Оның басы жай суықтау белгілері, мұрнынан су ағу, түшкіру, пысқыру, жөтелден басталып, ары қарай үдей жүреді. Балада осындай белгі болса, ауруханаға жатқызуға кеңес береміз. Себебі балаларға көп жағдайда ылғалды кислородтың көмегі қажет. Сол үшін балаларды дер кезінде ауруханаға жеткізу керек.

– Көп ата-ана балаларын үй жағдайында емдеп жатады. Бұл қаншалықты дұрыс? Мұның салдары қандай болуы мүмкін?

– Өздігінен үйде емдеуге тырысудың қажеті жоқ. Маманның көмегі қажет. Ол жеңіл түрі болған жағдайда амбулаториялық дәрігерлер, аймақтық дәрігерлер ем тағайындайды, ал ауруханаға түскен жағдайда стандартқа сәйкес, ауырлық дәрежесіне сәйкес, емін толыққанды ала алады. Көп жағдайда тыныс алудың қиындауымен қатар, жөтелдің ұстамасы кезінде миға қан кету белгілері болуы мүмкін. Жас нәрестелерде пневмония болып асқынуы мүмкін. Сондықтан біздің кеңесіміз - алдын алу шараларын ертерек қолдануыңыз керек.

Оқи отырыңыз: Сәбиге қалай жүзуді үйретуге болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир