Жүзе білу – бала үшін өмірлік қажетті дағдылардың бірі. Алматыда осы бағытта мамандарды даярлауға арналған іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жобаны поляк-америкалдық «Бостандық» қорының қолдауымен Қазақ спорт және туризм академиясы жүзеге асырып жатыр. «Swim with Love» әдістемесі аясында 250 студент, 25 оқытушы мен 25 нұсқаушы шетелдік мамандардан тегін білім алады. Мақсат – балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 27 мамырда басталған іс-шара ай аяғына дейін жалғасады.
– Жаттығу жасап, жүзуді қалай үйрену керек? Балаларды қалай оқытуға болады? Білікті нұсқаушы болу үшін не қажет? Осындай сұрақтардың жауабын бірлескен жобада айтып, үйретеміз, – деді Польша мемлекеттік экономика университеті Дене шынықтыру институтының директоры Александр Калий.
– Бұл жобаның мақсаты – нәрестенің денсаулығын нығайту. Себебі әлемде әрбір 2 минут сайын бір нәресте суға кетіп жатыр. Оларды суға үйрету арқылы жан-жақты ойлау қабілетін дамытуға болады, – деді Қазақ спорт және туризм академиясының проректоры Динара Нұрмұханбетова.
Оқи отырыңыз: Шомылу маусымы қашан басталады