|
18.07.2024 | 13:44
44

Атыраулық шаруалар төрт түлікке су тасуға мәжбүр

Жауаптылардың айтар уәжі бар

Атыраулық шаруалар төрт түлікке су тасуға мәжбүр Almaty.tv

Атыраулық шаруалар төрт түлікке су жеткізе алмай отыр. Амалы таусылған жұрт суды қашық жердегі өзеннен тасуға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бет қаратпайтын аптап ыстықта төрт түлікке су жетпей жатыр». Осылай деген шаруалар биліктен көмек сұрауға мәжбүр. Өйткені су тасқыны кезінде бірнеше каналдың құбырлары бұзылып, шаруаға зиян келтірген.

– Биыл табиғи апатқа байланысты Сборный каналының бойында су жоқ. Шаруалардың атынан айтып отырмын, бәрінің де тілегі – су тапшылығын жою. Күн ыстық, малға қиын болып жатыр, – деді шаруа қожалығының иесі Шыныбек Бірәлиев.

Ал жауаптылардың айтар уәжі бар. Олардың сөздерінше, су айдайтын қондырғылар өр суы кезінде істен шыққан. Ағысы қатты тасқын құбырларды қиратқан.

– Тоқ желісі де үзілді. Нарын каналының басындағы 2 жүзбелі сорғыш құбырын іске қосып жатырмыз. Ертеңнен бастап тоқ желісін тартамыз. Содан кейін су жіберіледі, – деді «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры Асланбек Рысжанов.

Өткен аптада басталған жұмыстарды жедел аяқтауға ми батпақ кедергі келтірген. Сондықтан жұмыс мерзімінен кешіккен. Қазір 10-нан аса қызметкер күндіз-түні ақауды қалыпқа келтіріп жатыр.

– Мұнда техникамен келу қиын болды. Алдыңғы сенбіде тралл автокөлігі, экскаватор, кран сияқты техника келді.  Демалысқа қарамай 10 қызмет жұмыс істеп жатыр, – деді «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры Асланбек Рысжанов.

Жауаптылар жұмыстың нақты қай уақытта аяқталатынын айта алмады. Шаруасы шатқаяқтаған төрт-түлік иелеріне күте тұрудан басқа амал жоқ.

Жұлдыз Қайратқызы, Фархат Тәжібаев, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Әуезов ауданының инженерлік желілерін жаңғырту басым міндет – Ерболат Досаев

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир