|
18.07.2024 | 14:42
677

Алматы полициясы 8 мың вейпті тәркіледі

Құқық бұзушылар бұл тыйым салынған өнімдерді онлайн платформаларда сатқан

Алматы полициясы 8 мың вейпті тәркіледі   кадр из видео Polisia.kz

Алматы полициясы 8 мың вейпті тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық бұзушылар бұл тыйым салынған өнімдерді онлайн платформаларда сатқан.

– Қылмыстық тізбек келесідей болды: мессенджерлер арқылы күдіктілер тауардың саны мен жеткізілетін мекенжайы көрсетілген онлайн тапсырыстар алып отырған. Сатып алушыға жеткізу курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылды. Өткізілген іс-шаралар көрсеткендей, вейп жіберу орындары көпқабатты үйлердің жертөлесінде, компьютерлік клубтардың ішінде, бір сөзбен айтқанда, құпиялылық шараларын сақтай отырып орналастырылған. Бір кездері жұмыс істеген ресми дүкендер жабылғандықтан, онлайн түрде тыйым салынған вейптерді сату деректері бар. Тек соңғы 24 сағаттың ішінде заңсыз айналымнан 8 мыңнан астам вейп пен оның құрамдас бөліктері тәркіленді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысындағы балабақшаларда ішек таяқшасы табылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир