|
27.03.2024 | 20:16
1293

Әскердегі әлімжеттік: орындықпен сарбаздарды ұрған командир қызметінен шеттетілді

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды

Әскердегі әлімжеттік: орындықпен сарбаздарды ұрған командир қызметінен шеттетілді Almaty.tv

Теңіз жаяу әскерін дайындайтын еліміздегі жалғыз әскери бөлімнен шу шықты. Ақтауға Отан алдындағы борышын өтеуге келген 5 сарбазды мұндағы взвод командирі орындықпен әрі таяқпен аяусыз ұрған. Дәлелденген қылмыстық істе тіпті бірнеше эпизод бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен ант беру рәсімінде командирдің аты-жөнін шатасып айтқан сарбаз кейіннен оңбай таяқ жеген. Тағы бір жағдайда командир қатарға тұруға кешігіп келген сарбазға жұдырық ала жүгіріп, орындықпен бірнеше рет ұрған. Ал қатарластарын аяусыз теуіпті. Тісі сынғандар да бар.

Айта кетейік, аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен екі жақтың татуласуымен іс қысқарды. Бес жәбірленуші де кешірім беретінін мәлімдеді. Командир кінәсін мойындаған. Аталмыш дерекке қатысы бар взвод командирі мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмыстан шығарылатын болады, – деді Бас әскери прокуратураның басқарма бастығы Тимур Аңдамасов.

Сот шешімі күшіне енгенше командир қызметінен шеттетілді.

Қоса кетейік, дәл осы 25/744 әскери бөлімінің тағы бір сарбазы соққыға жығылды деп туыстары арыз жазған. Ол 12 наурыздан бері ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Ал істің мән-жайы әлі де анықталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир