|
13.10.2023 | 19:47
27259

Желге ұшқан миллиард: Ақтөбеде жергілікті билік мердігерді сотқа берді

Қоғамдық мониторинг нәтижесінде кемшіліктер тіркелді

Ақтөбеде жаңа шағынауданның жағдайы сын көтермей тұр. Жуырда ғана «Алтын орда» деп атау берілген Батыс-2 шағын ауданының көшелерінде не арық, не жарық жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Белсенділер «бұл ауданның о бастан жоспары дұрыс болмаған» дейді. Олар медігердің қазына қаражатын миллиардтап жұмсаған жобасы аяқсыз қалғаннын айтты. Жауапсыз мердігердің сапасыз жұмысын көрмекке аталған ауданға арнайы монтиронг тобы барды

Жауапсыз мердігерлердің ісін талай мәрте сотқа жолдаса да, жұмыстың сапасы артпаған. Жол, аяқталмаған құрылыс, жөндеуі бітпеген суағарлар мен көше шамдарының жоқтығы көпті қынжылтып отыр.

– Батыс-2 шағынауданының арнайы құрылыс жоспары жоқ. Орталық көшені салады, аяқсыз қалдырып, келесі көшеге ауысып кетеді.  Ал жаңбыр жауғанда көше араларындағы балшықтан жүре алмаймыз, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктісі Сағынғазы Құрманалин.

Бұл мердігер 5 жыл бұрын аудандағы төрт көшенің абаттандыру жұмысын мойнына алған. Бұл үшін бюджеттің 2 миллиард теңгесін жұмсаған. Келісім бойынша құрылыс жүргізіп, уақытылы тапсырған. Енді жергілікті билік жауапты мердігерді сотқа берген.

– Жоба 2018 жылы басталып, 2022 жылы қабылданды. Біздің мекеме қала тұрғындары айтқан жарық, бағдаршам мәселесіне қатысты медігерді сотқа бердік сотқа берді, – деді қалалық ТҮКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болат Серіков.

– Жарық, тротуар жоқ. Бүгін-ертең қар түседі, Арықтың іші қоқысқа толған. Шөп өскен, тазартылмаған. Қалада суағар мәселесі өте өзекті, – деді облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Көшкінбай Ахметов

Қоғамдық мониторинг нәтижесінде барлық кемшілік тіркеліп, тиісті ұсыныс айтылды. Оны жою облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бақылауында болмақ.

Райгүл Еншібай, Жомарт Құдайбергенов, «Алматы» телеарнасы, Ақтөбе

Оқи отырыңыздар: Балтамен шабуыл жасаған: Петропавлдағы оқушыға қатысты сот ісі басталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир