|
17.07.2024 | 18:53
69

Еңбек адамы: Өрт сөндіре жүріп, адам құтқару – бақыт

Талдықорғандық Байқонысовтар әулетінде бір емес, төрт адам төтенше жағдайлар саласында еңбек етеді

Еңбек адамы: Өрт сөндіре жүріп, адам құтқару – бақыт

Әкеден балаға мирас болған мамандық. Талдықорғандық Байқонысовтар әулетінде бір емес төрт адам төтенше жағдайлар саласында еңбек етеді. Ауыр да қауіпті қызметте жүрген олар сын сағатта мыңдаған жанға қол ұшын созып, талай адамның өмірін сақтап қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Аға лейтенант Дархан Байқонысов бес жылдан бері төтенше жағдайлар саласында жұмыс істейді. Ол өмірін қатерге тіге жүріп, адамдарды ажалдан арашалапты. Азамат қызыл жалынды тоқтатуда талай оқыс оқиғаларға тап болғанын айтты. Бірақ мамандығынан ешқашан бас тартқысы жоқ. Өйткені бала күнінен әке жолын жалғауды мақсат еткен.  

– Кішкентайымнан әкем қасына алып жүретін. Өрт сөндіру, құтқару спорты бойынша жарыстарға қатысатынбыз. Өсе келе қызығушылық пайда болды. Жұмыстың қиындығы – өрт сөндіру кезінде әртүрлі жағдай болады, ал жақсы жағы – адам құтқару, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Дархан Байқонысов.  

Диастың әкесі Нұргелді Қойшыбаев отыз жыл өмірін құтқару қызметіне арнаған. Еңбек жолын өрт сөндірушіден бастап, саладағы жоғары лауазымды қызметке көтеріліпті. Ол «өмірімдегі игілік –халықтың алғысы» деп біледі.

– Өрт кезінде сыртта тұрған халық сені уайымдап тұрады. Аман қалып, үйге оралуымыз халықтың алғысы деп ойлаймын, – деді ҚР Төтенше жағдайлар қызметінің ардагері Нұргелді Қойшыбаев.  

Мамандығына адал жан зейнетке шықса да, төтенше жағдайлар саласынан қол үзбеген. Нұргелді Қойшыбаев бүгінде ардагерлер ұйымын басқарады. Ал оның өрт сөндіру бөліміндегі жолын қос ұлы мен келіні жалғастырып жүр.

Меруерт Сабыртай, Мирас Анитов «Алматы» арнасы, Жетісу облысы

Оқи отырыңыз: Еңбек адамы: Сағат жөндеу үшін шыдамдылық керек - шебер

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир