|
03.07.2024 | 20:37
915

Шемонаиха – Өскемен тасжолын жөндеу мәселесі депутаттардың бақылауында

Мәжілісмендердің айтуынша, мұндай кездесулер маңызды

Шемонаиха – Өскемен тасжолын жөндеу мәселесі депутаттардың бақылауында  Almaty.tv

Ұлықбек Тұмашинов пен Ерлан Саиров Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жүздесуде аудан азаматтары өздерін толғандырған Шемонаиха – Өскемен» тасжолын, Үбі өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін жөндеу, интернет желісінің сапасы сынды мәселелерді көтерді.

Мәжілісмендердің айтуынша, мұндай кездесулер маңызды. Себебі халық қалаулылары сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын қадағалап қана қоймай, тұрғындардың уәжіне құлақ түріп, жергілікті биліктің сол проблемаларды шешуіне ықпал етеді.

«Ең негізгі проблема – Шемонаиха мен Өскемен арасындағы жол. Бұл жолды салу үшін осы биыл үлкен тендер болады. Сол тендер бойынша Өскеменнен Шемонаихаға дейін заманауи асфальтты жол салынады. Бұның бәрі осы біздің елімізде әлеуметтік проблемалардың шешіліп жатқанын көрсетеді», – деді ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Сондай-ақ халық қалаулылары Шемонаиха қаласындағы мектеп құрылысының барысымен танысты. 300 орындық оқу орны «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Одан бөлек, депутаттар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасындағы шекара бақылау-өткізу пунктінің жұмысымен де танысты. Олар қолданыстағы жабдықтарды жаңарту, әскери қызметшілердің жағдайын жақсарту және өткізу пункттерін жаңғырту мәселесін бақылауға алды.

Оқи отырыңыз: Атырау облысы Индер ауданында қарақұрт қаптап барады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир