Қазақстанда күннің қатты ысуына байланысты ескерту жарияланды

Фото proural.info
Фото proural.info
Алты облыста +43 градус ыстық болады деп күтілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше аймағында ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.

15-16 шілде аралығында Ақмола облысында +35-38 градусқа дейінгі ыстық сақталады.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласында 16 шілдеде күндіз +35 градус ыстық болады. Аймақтағы дауылды ескертудің көрсеткіші 90-95 пайыз.

Солтүстік Қазақстан облысында 15-16 шілде аралығында дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 пайызды құрап отыр.  

Облыстың кей жерлерінде +37 градусқа дейінгі ыстық күтіледі. Сондай-ақ, Қостанай облысында 15 шілдеде күндіз +36 градус, кей жерлерінде +39 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Аталған аймақта да дауылды ескерту 90-95 пайызды құрап отыр.

15 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде +43 градус аптап ыстық болады. Аймақтағы дабылды ескерту 95-100 пайыз.

Новости партнеров