|
27.03.2024 | 10:22
1677

ҚР Президенті бірнеше мемлекеттегі елшілік басшыларын тағайындады

Тиісті жарлыққа қол қойылды

ҚР Президенті бірнеше мемлекеттегі елшілік басшыларын тағайындады Акорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекеттегі елшілік басшыларын тағайындады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Президент АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир