Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін - Тоқаев

Президент Қазақстан халқына сенім артатынын жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне кепілдік берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін. Бұл менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр», - деді Тоқаев.

Президент Қазақстан халқына сенім артатынын жеткізді.

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз. Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы ел халқына үндеу жариялап, президенттің кезектен тыс сайлауы өтетінін мәлімдеді. Мерзімінен бұрынғы сайлау осы жылдың 9 маусымында өтеді.


Новости партнеров