Семейде 13 жасар бала сатушыны 50 теңге үшін пышақтап кетті
Тәртіп сақшылары күдіктінің балалар колониясына жатқызылмайтынын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Семейде 50 теңгеге ештеңе сатып ала алмаған 13 жастағы бала дүкен қызметкерін пышақтады, деп хабарлайды Алтайньюс.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жасөспірім сабақтан кейін дүкенге кіріп, 50 теңгеге не сатып алуға болатынын сұраған. Оған сатушының жауабы ұнамағандықтан пышаққа жармасып, сатушыға шабуылдапты. Жеткіншек оның бірнеше жеріне пышақ жарақатын салады, сосын кассадағы ақшаны қалтасына басып, ізін суытқан.
Ол арада екі сағат өткенде ұсталады.
Тәртіп сақшылары күдіктінің балалар колониясына жатқызылмайтынын айтады. Себебі 14 жасқа толмаған. Әзірге ештеңе мәлім емес. Тексеру жүргізілуде. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мән-жайды анықтау үстінде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10