Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді

Ақорда
Ақорда
Leaders Talk – халықаралық мәселелер талқыланатын бағдарлама
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрағына жауап береді.

Leaders Talk – халықаралық мәселелер талқыланатын бағдарлама. Бұған дейін аталған бағдарламаға 20-дан астам мемлекеттің басшылары мен халықаралық ұйымның жетекшілері эксклюзивті сұхбат берген.

Новости партнеров