|
15.12.2023 | 16:01
743

Ақпараттық қоғам: Алматыда жас ғалымдардың монографиясы жарық көрді

Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің ғылыми-академиялық ынтымақтастығы талқыланды

Ақпараттық қоғам: Алматыда жас ғалымдардың монографиясы жарық көрді Almaty.tv

«Қазақстан мен Ресейдің ғылыми-академиялық ынтымақтастығы». Алматыда осындай атаумен ғалымдар және университет ұстаздарының қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуде саладағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы талқыланды. Сараптамалық талқылау жүріп, елдегі саясат пен өңірлік дамудың өзекті тақырыптары қозғалды. Дөңгелек үстел тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

– Қазақстанның сайлау жүйесіне зерттеу жүргіздік. Келесі жылы Ресейде президент сайлауы болады.  Ресей мен Қазақстанның сайлау жүйесін салыстырып, зерттеп көреміз. Жан-жақты сараптап қарастырамыз, – деді Философия, саясаттану және дінтану институты саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Айдар Әміребаев.

Тараптар кездесуді жыл соңында ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Ғылыми тақырыптарда пікір алмасып, саладағы жаңашылдықпен бөліседі. Сондай-ақ кездесуде 2 бірдей кітаптың тұсауы кесілді. Оның бірі – еліміздің сайлау процесіндегі өзгерістерге арналса, екіншісі – «Ақпараттық қоғам» деп аталады. Бұл – жас ғалымдардың зерттеуімен шыққан көлемді монография.

– Күн сайын түрлі салада жаңалықтар енгізіліп жатыр. Идея мен жоба көп. Еліміздің даму жолында оны қалай және ұтымды пайдалана аламыз? Осы сұрақты білікті мамандармен талқыладық. Мұндай ауқымды тақырыптарды зерттеу бір ғана кездесумен шектелмейтіні түсінікті. Сол себепті екі ел арасында байланыс нығая береді, – деді Стратегиялық зерттеулер және болжамдар институтының директоры Дмитрий Егорченков (Ресей).

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Астана тұрғындары мен жастарды жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир