|
18.04.2024 | 09:41
1506

Еліміздің 5 облысында республикалық маңызы бар 12 жол жабық тұр

Қазіргі таңда 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған

Еліміздің 5 облысында республикалық маңызы бар 12 жол жабық тұр Фото: elements.envato.com

ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқыны туралы ағымдағы деректерді жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«18 сәуір сағат 09:00–дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың күрт еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7120 метр болатын су тасқыны орын алды. 5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылды», — деп жазды ведомстводан.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Маңғыстауға көшірілген атыраулықтың үштен бірі үйіне оралды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир