|
Jol
26.05.2024 | 10:06
1637

Адасқандар: Алматы облысының тауларында жоғалған екі турист табылды

Құтқарушылары 88 шақырымнан астам жол жүріп өтті

Адасқандар: Алматы облысының тауларында жоғалған екі турист табылды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында 25 мамыр түні жоғалып, өздері 112 нөміріне хабарласқан туристерге құтқарушылар көмек көрсету үшін тауға аттанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райына қарамастан, РЖҚЖ құтқарушылары 88 шақырымнан астам жол жүріп өтіп, Талғар ауданының Бутаков шатқалына келген. Лесная асуына қарай көтеріле берген жерден жоғалған адамдар табылды.  Украинаның екі азаматын (бір ер, бір әйел адам) тапты. Жастарға жылы киім мен шай берілді, содан кейін оларға қауіпсіз жерге түсуге көмек көрсетілді.

Туристерге медициналық көмек қажет болмады.

Оқи отырыңыз:Атыраудағы Соколок каналын тасқын бұзды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир