|
Jol
21.06.2024 | 19:11
1506

Алматыда Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысындағы көлік қозғалысы уақытша жабылады

Көше қиылысында 305 метрлік құбыр ауыстырылады

Алматыда Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысындағы көлік қозғалысы уақытша жабылады Фото: elements.envato.com

21 маусымда сағат 23.00-ден 22 маусымдағы сағат 09.00-ге дейін Алматыдағы Медеу ауданында Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысында автокөлік үшін қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған көше қиылысы бойынша екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Уақытша шектеулер аталған көше қиылысы бөлігіндегі көлік жүретін жол бөлігінің астынан өтетін, 1986 жылдан бері пайдалануға берілген ұзындығы 305 метрлік құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.

Бұл құбыр 5 көпқабатты тұрғын үйді және тағы басқа 4 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Алматыда электр автокөлігінің саны артты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир