|
26.11.2021 | 13:54
3195

Шымкентте дене шынықтыру сабағынан кейін оқушы көз жұмды

Ол жүрек ақауынан көз жұмған

Шымкентте дене шынықтыру сабағынан кейін оқушы көз жұмды ашық дереккөз

Шымкентте 7-сынып оқушысы көз жұмды. Бұл туралы Шымкент қаласы Білім беру басқармасының басшысы Жанат Тажиева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мектеп директорының сөзінше, 7-сынып оқушысы 19 қараша күні дене шынықтыру сабағында өзін нашар сезінген. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімді мектептің медбикесіне алып барды. Медбике оны тексеріп, жедел жәрдем шақырған. Анасына дереу хабар берілді", – деді Жанат Тәжиева.

Жедел жәрдем жасөспірімді ауруханаға алып кетті. Ол жансақтау бөліміне түскен. 20 қарашада таңертең анасы ұлының көз жұмғанын айтты.

Жанат Тәжиеваның айтуынша, жасөспірім дарынды балаларға арналған № 1 лицей-интернатының 7-сыныбында білім алған. Ол жүрек ақауынан көз жұмған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир