|
Jol
12.07.2024 | 17:21
1798

Бостандық ауданында жылу желілеріне жөндеу жүргізіледі

Екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі

Бостандық ауданында жылу желілеріне жөндеу жүргізіледі elements.envato.com

Алматының Бостандық ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Сәтбаев көшесінің бойында көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

13 шілде сағат 22.00-ден 14 шілде сағат 16.00-ге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданында Сәтбаев көшесінің бойымен Сейфуллин даңғылынан Масанчи көшесіне дейін екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады, Масанчи көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін шығыс бағытта көлік қозғалысы шектеледі.

Сәтбаев көшесінің бойында - Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейінгі аумақта - батыс бағытта қозғалыс ашық болады.

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыржол учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Оқи отырыңыз: Алматыда жол жөндеу жұмыстары басталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир